Русский Сайттың толық нұсқасы

"Барыс жылында үйлену тойы өте көп болады",- нумеролог

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2021
  • 2835

Бабаларымыз  «Ескі жыл есірке,  жаңа жыл жарылқа» деген. Бұл жыл да тарих қойнауына енейін деп тұр.Табалдырықтан барыс жылы аттап, жаңа жылдың ақ парағы ашылады.  Келер жылдан халық не күтеді? Сандар не дейді? Әріптесім Әсел Дүкембаева тарқатып айтады.  

Тәуелсіз Қазақстанда барыс жылы 1998 жылға тура келді. Нарықтық экономикаға бет бұрған жас мемлекет ретінде таныла түскен елімізде бұл жылы үлкен өзгерістер болды. Бас қала Алматыдан  Сарыарқаның төріне көшірілді.  Жаңа астанамен жаңа өмір басталды.

Жомарт ЖЕҢІСҰЛЫ, ТАРИХШЫ:

1998 жылы нарықтық экономиканың өте бір қиын жағдайынан өтіп, Қазақстанның даму жылына түскен жылы болды.....2010 жылы біздің мемлекеттерде көп тарихи оқиғалар болды.

Әрбір жаңа жылдан зор үміт күтіп, баршамыз « Барыс жылында адамзатты не күтіп тұр екен?!» деп тарих беттерін ақтаратынымыз заңдылық. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды. Талай жылдың тауқыметін, қызығын басынан өткізген тəжірибесі бай, ұғымды халық əр жылға тиісті баға беріп, болашағын осылай болжаған. Халық  келер жылдан   үлкен үміт күтеді.

БЛИЦ:

-  Жақсы жаңалықтарды күтеміз.

- Табыс күтеміз, халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын.

- Барлық нәрсені күтемін, жақсылық күтемін.


Әр жылдың өзіндік ерекшелігі, алып келер несібесі бар. Сол себепті жыл сайын түрлі болжамдар жасалады. 2022 жыл несімен ерекше? Қазақстан үшін келер жыл қандай болады?  Сандар не дейді?

Айман ЖЕТПІСБАЕВА, НУМЕРОЛОГ:

Бұл жыл үйленбегендер үшін оңтайлы кезең болғалы тұр, үйлену көп, ажырасатындар да бар. Тағы бір екі күнтізбеге аса мән беру керек, 20.02-22.02.2022 жылы аса қауіпті, себебі 2 санының энергиясы өте жаман.


Сондай-ақ, нумерологтардың есебінше, жаңа жылдан соң баға біршама өседі.

Айман ЖЕТПІСБАЕВА, НУМЕРОЛОГ:

Экономикалық тұрғыдан алатын болсақ, өкінішке орай  тауарлардың бағасы 95 процентке өседі. Себебі материалды санның энергиясы бар.

Ал көріпкелдер қандай болжам жасап отыр? Оны да білейік.

ҚАЛИМАШ АПА, ҚҰМАЛАҚШЫ:

Келесі жылы өте жақсы болады. Жақсылық, қуаныш болады. Өте жақсы жыл мына жыл.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Азия халықтары үшін барыс күштің, тектіліктің және биліктің символы.  Астрологтардың болжауынша, барыс жылы елге, халыққа жайлы болады. Егін бітік шығады, әлеуметтік жағдай біршама  жақсарады   дейді.  Жақсы сөз жарым ырыс. Лайым солай болсын деп тілейік.

Ә. Дүкембаева