Русский Сайттың толық нұсқасы

Террорлық қауіптіліктің қызыл деңгейі белгіленді

  • AstanaTV
  • 07 қаңтар 2022
  • 512

Елдің барлық өңірінде террорлық қауіптіліктің "Қызыл деңгейі" белгіленді деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі. Жаппай басып алу, қирату, ұрлау, соққыға жығып, тұрғындар өміріне қауіп төндірген радикалды топтардың алдын алу үшін құқық қорғау органдары жұмылдырылған. Республика бойынша жедел штаб құрылып, әр іс-қимыл жіті бақылауға алынды. Алматы қаласында бұзақылар әсерилерге оқ жаудырған. Тағы біреулер көліктен әуеге оқ атып, сес көрсеткен.

Расул ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:


Соңғы 2-3 күн Қазақстанда, оның ішінде Алматыдағы жағдай күрт ушығып кеткені белгілі. Қазір алдын күннен бері осы Алматыда антитеррорлық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Қазір енді бірталай жағдай тұрақталды. Десе де әді де қауіп-қатер сақталып отыр.


Ел аумағында Төтенше жағдай режимі әлі сақталады. Сондай-ақ, түңгі 23:00-ден таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілген. Нақтырақ айтсақ, осы аралықта көшеде жүруге, топтасып жиналуға тиым салынды. Бас прокуратураның мәліметінше Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін азаматтар бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Еске салайық Төтенше жағдай, ол  - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты Президент немесе Парламент жариялайтын уақытша режим. Табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу және тағы басқа да  жағдайларда енгізіледі. Уақытша режим  «Төтенше жағдай туралы» заңның баптарына сәйкес жүзеге асуда.

А. Базарбай