Русский Сайттың толық нұсқасы

Сұйылтылған газ бағасын өзара сөз байласып көтерді деп күдікке іліккендер анықталды

  • AstanaTV
  • 07 қаңтар 2022
  • 862

Елді дүрліктірген сұйылтылған газдың бағасын өзара сөз байласып көтергендер анықталды. Бұған қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті. Олардың қатарында  "ҚазМұнайГаз", "АқтөбеМұнайГаз", "ҚазгерМұнайГаз", "ҚазақОйлАқтөбе" компаниялары бар. Олар баға өсіру бойынша өзара сөз байласып, заңсыздыққа жол берді деген күдікке ілігіп отыр. Күдік расталса, сатушыларға үлкен мөлшерде айыппұл салынбақ. Айта кетейін, тергеудің алдын ала қорытындысы 20 күннен кейін белгілі болмақ.

А. Базарбай