Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ташкентке барды. Ақорданың
баспасөз қызметі Қазақстан және Өзбекстан басшылары түрлі саладағы екі жақты
ынтымақтастықты талқылады деп хабарлайды.
Мемлекет басшылары сауда-экономика,
су-энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы негізгі
бағыттарды қарастырды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кәрімов күн
тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелерді, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді талқылады.
Берік
ХАСЕНОВ