Русский Сайттың толық нұсқасы

Елге жасалған лаңкестік әрекетті Қазақстан тарихындағы "ең үлкен дағдарыс", - Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2022
  • 2167

Елге жасалған лаңкестік әрекетті Қазақстан тарихындағы "ең үлкен дағдарыс", деді. Бұл жайында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс сессиясына қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Содырлар ұсталып қалмау үшін айлаға көшкен. Қарапайым тұрғындар сияқты киініп, сақалдарын қырып тастаған. Мемлекет басшысы жиын кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты осындай тың ақпараттармен бөлісті. Әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.

Ел ішіндегі жағдайға байланысты Мемлекет басшысының бастамасымен шақырылған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы кеңесінің сессиясы онлайн режимде өтті. Жиын лаңкестік кезінде мерт болғандарды еске алумен басталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен ел басына түскен ауыр кезеңде қолдау көрсеткен аталған ұйымға мүше елдерге алғысын білдірді. Бейбіт митинг болып басталған бүліктің хронологиясына тоқталды. Мемлекет басшысының сөзінше, террорлар бұл бұзақылыққа бірнеше жыл бойы дайындалған. Елдің тыныштығын бұзған лаңкестер бір сәтте 11 аймаққа шабуыл жасады. Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы қаласы едәуір зардап шекті. Бүлікшілер бұдан бөлек Елордағы келіп билікті басып алып мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынған, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Лаңкестердің басты мақсаты - ел астанасына барып Президент резиденциясын басып алу болған. Бірақ, ол жоспарлары жүзеге аспады. Қалаға әскери-көліктердің келгенін естіген содырлар ойларынан айнып қалды. Осы кезде Алматыға қосымша күш жіберіп, қаланы террористерден қайтарып қалуға мүмкіндік берді.

Террористер, атышулы қарақшылар болған. Президенттің айтуынша, басбұзарлар бірінші кезекте әскери мекемелер мен полиция департаментін басып алуға әрекеттенген. Қақтығыс кезінде күштік құрылымның 16 өкілі көз жұмып, 1300-ден астамы жарақат алған.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүлікшілер полицейлерге, әскерилерге шабуыл жасап оларды асқан қатыгездікпен ұрып-соққан. Екі әскери қызметкердің басын кесіп алған. Сонымен бірге, қарақшылар түнде мәйітханаларға да шабуылдап, қайтыс болған сыбайластарының денесін алып кеткен. Бұл халықаралық лаңкестердің тәжірибесі. Осылайша олар іздерін жасырмақ болды.

Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға, "қарапайым халыққа оқ атылып жатыр" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Сондай-ақ Қазақстанға жасалған лаңкестік шабуыл туралы дәлелдемелер, тергеу аяқталғаннан кейін әлемдік қоғамдастыққа ұсынылады, деді. Ал жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адамның қайтыс болғаны туралы әлі анықталып жатқанын жеткізді. Ресей Президенті Владимир Путин де бұл жағдай ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерге сабақ болу керек, дейді. Сонымен бірге, лаңкестік әрекет кезінде батыл шешім қабылдап, жауапкершілікті өз мойнына алған,  Қазақстан Президентінің батылдығын атап өтті.

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстанға жасалған шабуыл шын мәнінде агрессия болды, мен мұнымен толықтай келісемін. Жағдайды ушықтырмау үшін тез әрекет ету керек еді. Қазақстан Президентінің бұл оқиғаны қабылдап, жауапкершілікті өз мойнына алып, осы оқиғалардың барлығын басқарып, сырттан келетін лаңкестерге тойтарыс беру үшін қоғамды, құқық қорғау органдарын, азаматтарды өз айналасына жинаған батылдығын атап өткім келеді.

Беларусь Президенті төңкеріс жасауға дайын террористердің Азия елдері төңірегінде көптігін айтты. Ұйымға мүше елдерге болашақтағы сын-қатерлерге дайын болу үшін, ұжымдық қауіпсіздікті күшейту керек, деді. Әсіресе, Тәжікстан мен Өзбекстанға.

Александр ЛУКАШЕНКО, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мұндай жағдайға алдын-ала дайын болуымыз керек. Сыртқы факторларға бейжай қарамау керек. Кез келген сыртқы фактордың артында ішкі фактор тұрады. Мәселені Қазақстан аясында ғана шешу мүмкін емес.

Ал, Эмомали Рахмон Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы лагерлерде 6 мың содырдың барын айтты. Жалпы, ел аумағында екі мыңнан астам бітімгер мен 250 техника бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олар жақын арада лаңкестікке қарсы контртеррористік операция аяқталысымен өз елдеріне қайтатынын айтты. Бұдан бөлек, ертең 11-қаңтарда Мемлекет басшысының қатысуымен, Парламент отырысы өтпек. Онда Үкіметтің жаңа құрамымен таныстырылмақ.  

А. Данияр