Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің жаңа тапсырмалары елімізге оң өзгерістер әкеледі,-саясаттанушы

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2022
  • 1902

Елдегі қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеу керек.  Ол үшін халық Мемлекет басшысының шешімдерін қолдап,  ауызбіршілік танытқаны жөн дейді сарапшылар. Айтуынша,  Президенттің жаңа үкіметке жүктеген тапсырмалары уақытылы орындалса, елде оң өзгерістер болады. Әсіресе, күштік  құрылымдардың жұмысын күшейту, мүмкіндігін кеңейту елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі  дейді сарапшылар.  

Арман ТОҚТҰШАҚОВ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Елбасы бұл бағыттағы жұмысты күшейту керектігін нақты міндет етіп қойды. Құқық қорғау органдарының жұмысы, жалпы алғанда, әскери күштің жұмысы алдағы уақытта елімізде осы оқиғалардың орын алмауы үшін барынша күш салуы қажет.


Д. Жарқымбек