Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет бұқаралық ақпарат саласына ерекше көңіл бөледі - Мемлекеттік хатшы

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2016
  • 1749

Үздік журналистер Президенттен қос премия, қос грант және төрт алғыс хат алады. Журналистика күні қарсаңында табысталатын  жоғары марапат туралы соңғы шешім Ақордада өткен қоғамдық комиссия отырысында қабылданды.

Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова мемлекет бұқаралық ақпарат саласына ерекше көңіл бөлетіндігін жеткізді. Талқылауға республикалық ақпарат құралдарының басшылары, шығармашылық одақтар, мемлекеттік органдар және журналистердің өздері қатысты. Оның қорытындысы бойынша комиссия Мемлекет басшысына марапаттар туралы өз ұсыныстарын берді. Биыл 8 номинацияға 78 үміткер ұсынылады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ