Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2022
  • 1245

Елорда тұрғынынан  заңсыз сақталған қару тәркіленді.  Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін, бас  қала коменданты Ержан Сәденов аулалар мен пәтерлер түгел тексерілетінін айтқан болатын. Іс шара барысында біраз заңбұзушылықтар анықталған.   

Эльмира ШӘУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД БАСПАСӨЗ ЖЕТЕКШІСІ:

Қаланың 52 жастағы тұрғынының пәтерін тексеру барысында жауынгерлік тапанша мен оқу гранатасы табылды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып. Сараптама тағайындалды.

Елордада коменданттық сағат  талабын  бұзушылар да көп. Тіпті тәртіпке қасақана бағынбайтындар жиі кездеседі дейді құзырлылар.  Төтенше жағдай режимі енгізілгелі  200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  28 адам қамауға алынып, 115 адамға айыппұл салынды. Бас қаланың қауіпсіздігі толық бақылауда.   Алты блок бекетте    тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ә. Дүкембаева