Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел ішінде коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2022
  • 793

Елімізде эпид жағдай нашарлады. Коронавирус жұқтырғандар әсіресе Нұр-Сұлтан қаласында көп болып тұр. Осыған орай, бүгін қаланың бас санитарлық дәрігері карантин талаптарын күшейтті. Енді мектеп оқушылары айдың аяғына дейін, ал студенттер 6-шы ақпанға дейін онлайн форматқа көшеді. Мемлекеттік мекемелер 80 пайыз қызметкерін қашықтан жұмыс істеуге жібермек. Ауру көрсеткіші жоғары өңірлердегі жағдайды әріптестерім жеткізеді.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Елорда індетті жұқтырғандардың көбеюі салдарынан, бағалау матрицасы бойынша "қызыл аймаққа" өтті. Қалада короновирустың жаңа штамы "омикрон" пайда болғалы эпиджағдай күрделенген. Жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер күніне төрт жарым мыңнан асып жығылады.


Нұр-Сұлтанда соңғы тәулікте короновирусқа шалдығу дерегі бойынша 3 мың 300 жағдай тіркелді.  Бұл өткен аптамен салыстырғанда 7,9 пайызға өскенін көрсетеді,-  дейді мамандар. Сондай-ақ, эпид жағдайдың күрделенуі "омикром" штамының пайда болуымен тығыз байланысты болып отыр. Осыны негізгі алған  мамандар, карантиндік талаптарды күшейтеміз деді.

Сархат БЕЙСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Білім орталықтары, ересектер мен балаларға арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтарының қызметі онлайн форматқа көшірілсін. Мемлекеттік орган және ұлттық компания қызметкерлерінің кем дегенде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшірілсін. Ұжымның вакцина алғанына қарамастан.

Тіпті «Ashyq» жобасына қатысатын концерт залдары, театр, кинотеатр, цирк қызметіне тыйым салынбақ. Отбасылық және басқа да мерекелік іс-шараларға тыйым салынады. Ал еске алу шарасын «Ashyq» жобасына қатысатын мекемеде, 30 адамды ғана жинап өткізуге рұқсат етті. Ал жұма намаз сынды діни шараларды өткізуге рұқсат жоқ. Одан бөлек, караоке, түнгі клубтардың жұмысы тоқтатылды.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Дәрігердің дерегінше омикрон штамы бүкіләлемде тез таралып жатыр, бүгінде 126 елде анықталған.  Ол жаңа штамнан қорғанудың жолы вакциналаудың толық курсы екенін айтып, ревакцинация жасауға шақырды. Кесел жұқтыру бойынша "қызыл аймаққа" енген, Атыраудағы эпиджағдайды әріптесім жеткізбекші. Базаргүл.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:


Бекболат, рахмет. Иә, Атырауда да   коронавирус жұқтырғандар күрт артты.   Қала тұрғындарынан бөлек, «Теңіз» кенішінде де  қауіпті індетті жұқтыру  дерегі көбейген.   Мұның себебін мамандар адамдардың әлеуметтік ара қашықтықты сақтамай, топтасуынан деп топшылайды.


Облыс бойынша соңғы тәулікте 139 адам коронавирус жұқтырған.    Оның 110-ы қала тұрғыны, қалған 29-ы «Теңіз» кенішіндегі мердігер мекеме жұмысшысы.    190 адам үй жағдайында, 142 науқас модульдік ауруханада , 17 адам аудандық инфекциялық стационарларда ем алып  жатыр. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 126 науқас бар.  8 пациенттің жағдайы ауыр. Кәсіпорындағы вирус жұқтырғандардың бәрі вакцинаның екі компонентін де алған адамдар,- дейді дәрігерлер.    

Жайнагүл ӨТЕПҚАЛИЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Қазіргі уақытта мектеп оқушылары арасында тіркелген жоқ жағдай. Ол демалысқа байланысты деп ойлаймыз. Көбісінде орта жастағы адамдардың арасында тіркеліп отыр. Тұрғындар арасында топтасу көбейіп, арақашықтық сақтамау, жаңа жылдың мейрамына байланысты болып отыр.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Вирус жұқтырғандардың көпшілігі ауырсыну шағымымен  дәрігер көмегіне жүгінген. Мамандар Атырауда «қызыл аймақ» деңгейі 3 күн сақталса, карантин талаптары күшейетінін ескертті.  Айта кетейік, облыс бойынша 242 мың тұрғын вакцина алған.

Б. Нәдірқызы, Б. Сатуов