Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада аңшылық дүкенді тонағандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2022
  • 1873

Қызылордада қақтығыс кезінде аңшы дүкенін тонаған  екі күдікті қолға түсті. Полицияның мәліметінше, олар ғимараттың терезесін сындырып ішке кірген.  Нақты шығын көлемі әзірге белгісіз. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Әуелхан ҚҰДАЙБЕРГЕН, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы, яғни өндірістік үй-жайға жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Басқа да тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде.


Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда жаппай тәртіпсіздікке қатысты 52 іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Мұнан басқа,30 адамның ісі әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында қаралған.  Оның  28-і ҚР-ның бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалған. Біреуі митингке қатысқаны үшін 5 тәулікке  жабылса, біреуіне 30 айлық есептік көрсеткіш   көлемінде айыппұл салынған.

М. Тоқтасынқызы