Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Белорусь бітімгерлері мінген он ұшақ бүгін Минск қаласына ұшып кетті. Беларусь қарулы күштері Алматы қаласының маңындағы Жетіген әуе айлағын күзеткен болатын. Витебск бригадасының әуе-десант ротасы өз жұмысын сәтті аяқтады. Жуық арада Қырғызстан, Тәжікстан және Армениядан келген бітімгерлер де елдеріне қайтарылады.
Кеше бітімгерлік күштің алғашқы легі елден шығарылған болатын.
Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттерден екі мыңнан астам бітімгер келді. Сондай-ақ, 250 әскери техника жеткізілген. Олар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы стратегиялық маңызды нысандарды күзетті. Бітімгерлік күштер елімізден 23 қаңтарға дейін толық шығарылады.
Ә. Дүкембаева