Русский Сайттың толық нұсқасы

"Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады", - Президент

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2022
  • 1015

Қорғаныс министрі ауысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бұл орынға Руслан Жақсылықов тағайындалды. Осыған орай ол Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы қызметінен босатылған. Ал, бұл міндетті енді генерал-майор Еркін Ботақанов атқармақ. Ол Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметін 2020-шы жылдан бері атқарып келген еді. Түс ауа Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, оларға жаңа министрді өзі таныстырды. Руслан Жақсылықовтың әскери білімі мен тәжірбиесі бар екенін атап өтті. Ал, экс-министр Мұрат Бектановтың жұмысын сынға алды.

Қасым-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Армия Тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық.


Ә. Дүкембаева