Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда нашақор қаланың қақ ортасындағы ірі супермаркеттің тас-талқанын шығарды

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2022
  • 1158

Атырауда наркологиялық есепте тұратын ер адам  қаланың қақ ортасындағы ірі супермаркеттің тас-талқанын шығарды. Ол  әйнек есікті  сындырып ішке кірген. Сөрелерді құлатып, тамақтарды шашқан. Тұрмыстық химиялық заттарды  төгіп, дүкенді астаң-кестең еткен.

Құқық қорғаушылар 31 жастағы қала тұрғынын  ұстады.  Қылмыс жасағанк езде оның есі кіресілі -шығасылы болған. Есіре айғайлап, ерсі қылықтар көрсеткен.  Ол 2013 жылдан бері наркологиялық  диспансерде есепте тұрған. Алдын ала болжам бойынша, ол дүкен ішінен есірткі іздеген болуы мүмкін. Полиция  екі  бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны және ұрлық жасауға оқталғаны үшін жауап береді.
 
Мейірім ЕРДӘУЛЕТ. АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Күдікті 1991 атырау қаласының тұрғыны анықталып ұсталды. Ол дүкені ішінде азық-түлік сөрелерінде , тұрмыстық заттар сататын сөрелерге зиян келтірген. Материалдық шығын көлемі қазіргі таңда есептелуде. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша  қазіргі кезде тергеу амалдары басталып кетті.

Б. Надірқызы