Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы Қазақстандағы бітімгершілік миссиясын сәтті аяқтады. Барлық әскери күштер елімізден кетті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі. Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейден келген екі мыңнан астам әскер өз отанына оралды. Олар өз қызметін жоғары кәсіби деңгейде орындады, деп атап өтті министрлік өкілдері.
Олжас ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Әрине, бұл операция ұйымның тарихына көпжылдық ынтымақтастық барысында жасалған тетіктерді іс жүзінде қолданудың мысалы ретінде ғана емес, сонымен бірге біздің мемлекеттеріміздің одақтастық рухы мен жауынгерлік бауырластығының нақты дәлелі ретінде енеді.
Естеріңізге салайық, ұйымға қатысушы елдер Қазақстанның террористік қауіпке қарсы күресуге қолдау көрсету туралы үндеуіне қосылды. Алғашқы бітімгерлер легі елімізге қаңтардың алтысына келді. Олар мемлекеттік нысандарды күзетті. Жағдай тұрақтала бастаған соң, сарбаздар біртіндеп елдеріне қайтарылды.
Андрей СЕРДЮКОВ, ҰҚШҰ ҰЖЫМДЫҚ БІТІМГЕРШІЛІК КҮШТЕРІНІҢ ҚОЛБАСШЫСЫ:
Бүгін 19 қаңтарда соңғы бөлімше мен бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы тұрақты орналасу пункттеріне отанына оралады. Мен Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін.
З. Санай