Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында спорттық-туристік кешенінің құрылысы тоқтап тұр

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2022
  • 1717

Жамбыл облысындағы "Қаралма" спорттық-туристік кешенінің құрылысы тоқтап тұр. Қазір мейрамхана, коттедждер мен сервистік орталықтар қаңырап бос қалған. Шетелден әкелініп орнатылған қондырғылар да, ғимараттар да ашытлмай жатып, тоза бастапты.  Құрылысты бастаған инвестордың жобаны аяқтауға шамасы жоқ. Ол жергілікті атқамінерлерден көмек сұрап жүр.

Бреік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Қаралма шаңғы тебу кешені құлысының тоқтап тұрғанына биыл төртінші жыл. Өздеріңіз көріп  тұрғандай мұндағы жұмыстардың жетпіс пайызы аяқталған. Кешенге келіп демалушыларды жоғарыға жеткізетін арқан жолда жүргізіліп қойыпты. Басталған істі аяғына жеткізуге қаржы қол байлау болып тұр екен. Кесірінен шет елден арнайы алдырылған қымбат құрылғылар тот басып, жарамсыз күйге түсе бастапты.

Жуалы ауданындағы аталған кешеннің құрылысы алғашында қарқынды басталған. Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінен 7 шақырым жол тартылып, өзге де қажетті инфраструктура жүргізілген. Бірақ соңына қарай кәсіпкердің қаражаты таусылып, құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. Ол бұл жобаға 3,5 миллиард теңге инвестиция салған. Толық аяқтауға пандемия да кедергі келтірді деп отыр. Австриядан әкелінген қондырғылар қар астында қалды. Енді істі аяғына дейін жеткізу үшін әлі 900 миллион теңгедей ақша керек екен. Кәсіпкер көмек сұрап көп есікті қақан, бірақ берген жауабы мынадай болыпты.

Төленді КҮЗЕУБЕКОВ, «ҚАРАЛМА» СПОРТТЫҚ-ТУРИСТІК КЕШЕНІНІҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Ақша жоқ деп жауап беріп тұр, бірақ 900 млн теңге облысымызда жоқ дегенге сену қиын. Жамбыл облысында бұндай жоба болған емес, бұл бірінші жоба. Бұл жоба мәдени әлеуметтік маңызы бар жоба. Туристтік патенциал көтеретін жоба Жамбыл облысының. Сол үшін мемлекеттен көмек болу тиіс деп ойлаймыз.

Аймақта туризмді дамытып, әлеуетін арттыруға бағытталған жобаның болашағы бұлыңғыр. Төрт жыл бұрын таудан шаңғы тебетін болдық деп қуанған жұрт армандаған кешенның ауылы алыстап барады. Өңірдің беделін көтеретін бұл жобаның тез бітуіне аймақтың атқа мәнерлері асықпайтын сияқты. Себебі, әкімдікке хабарласқанда бұл кешен туралы айтып беретін маман табылмады. Тек әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдеріның жауабы былай болды.

Станислав ХИГАЙ, «ТАРАЗ» ӘКК» АҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Біз өз тарапымыздан әкімдікке тиісті қағаз жолдадық. Алайда облыстық бюджетте кәсіпкерге көмек көрсетуге мұндай көлемдегі қомақты қаржы қарастырылмаған деп жауап келді. Біз тек инвесторға екінші деңгейлі банктерден керекті ақшаны алуға ғана кеңес бере аламыз.  


Тұралап тұрған жоба құрылысы жанданса өңірде әлемде теңдесі жоқ сырғанау жолағы іске қосылмақ. Оның ұзындығы 2 шақырымнан асады. Әкімдік пен инвестор ортақ келісімге келмесе, далаға кеткен далаға кеткен есіл еңбектің өтеуін  кім өтемек.

Б. Жұмабайұлы