Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жұмыстан қуылған полицей Президенттен араша сұрады

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2022
  • 1703

Павлодарда жұмыстан қуылған полицей Президенттен  араша сұрады. Әлеуметтік желіде бейнеұндау жолдаған ол   Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департамент басшысының орынбасарынан қысым көргенін жеткізеді. Айтуынша, оған жұмыстан босату туралы өтінішті мәжбүрлі түрде жазғызған.  12 қаңтарда департамент бастығының орынбасарына  бөлім бастығымен бірге белгісіз қара пакет апарып бердім дейді. Содан 2 күн өткен соң, департамент бастығының орынбасары оларды жұмыстан өз еркілеріңмен кетіңдер - деп қорқытқан көрінеді. Ақыры департаменттің екі бірдей қызметкері белгісіз себеппен жұмыстан шығарылғанын айтады.

Тасболат ЖАҚАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары АП-162/4 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі болып жұмыс істедім. Мені бастықтарым жұмыстан заңсыз қуып жіберді. Осы жағдайға байланысты әділдік  орнағанын қалаймын. Зейнетке шығуыма 2 жыл қалды. 4 балам бар. Бұған дейін атқарған қызметіме байланысты ешқандай шағым болған жоқ.

Аталған жағдайға байланысты Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті  қызметкердің өз еркімен жұмыстан кеткенін жеткізді.
 
Гүлжан АБДУҒАЛИЕВА. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша өзіндік қауіпсіздік тобы қызметтік тексеру бастады. Сондай-ақ, АП 162/4 мекемесінде ішкі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, тыйым салынған заттарды түрмеге кіргізу бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр.

Ө. Қуанар