Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында 5 жасар бала дәретханаға құлап кеткен

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2022
  • 1563

Түркістан облысында 5 жасар бүлдіршін дәретхаға түсіп кетті. Ойын баласы өздігінен шыға алмағандықтан,  туыстары шұғыл құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Авариялық-құтқару жұмыстарына үш маман жұмылдырылды. Олар   тереңдігі төрт метр болатын әжетхана шұңқырынан  баланы арқанмен  шығарды. "Оған 11 минут  керек болды",- дейді мамандар.  Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің дерегінше, бүлдіршін түркістандық емес, елордадан қыдырып келген қонақ. 
 
Жомарт ҚОСПАНОВ, ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
 
Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты. Медициналық қызметті талап етпейді. Яғни бұл оқиғаның себебі бақылаусыз қалған баланың ойнап жүріп әжетханаға түсіп кеткені анықталып отыр. Жалпы тұрғындардан сұранатынымыз жас балаларды бақылаусыз қалдырмауларыңызды ескертеміз.


А. Төребекқызы