Қостанайда соңғы екі-үш күнде саршұнақ аяздан үсік шалып, дәрігер көмегіне жүгінгендер саны көбейген. Ауруханаға түскендердің басым бөлігі тұрғылықты мекен - жайы жоқ жандар. Демалыс күндері қалалық аурухананың жарақат бөліміне 20 адам жеткізілген. Суықта дала кезіп, қатты тоңып қалғандардың көбісі аяқ-қолынан айрылды,-дейді ақ халаттылар. Үсік шалғандардың арасында ішімдік ішіп, далада қалғандары да бар. Қазіргі таңдақалалық аурухананың жарақат бөлімінде 15 адам емделіп жатыр. Олардың саны тағы артуы мүмкін. Өйткені денесін үсітіп алғандардың көбісі дәрігер көмегіне кешігіп жүгінетін көрінеді.
Артем КИСЛЕНКО, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
Егер дер кезінде дәрігер көмегіне жүгінсе асқынудың алдын алу оңай. Оларды амбулоторлық жолмен емдеуге болады. Ал тұрғылықты мекені жоқ адамдар екі-үш күннен кейін келеді. Әбден асқындырып алады. Оларды стационарға жатқызамыз. Көбісі-аяқ-қолынан айрылып жатады.
ВИКТОР:
Аяғымды үсітіп алдым. Ауырады. Дәрігерлер емдеп жатыр. Неше түрлі ем-дом қабылдап жатырмын.Емделіп шығамын деп ойлаймын.
З. Санай