Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда балалар мен жүкті әйелдер арасында коронавирус жұқтыру дерегі көбейді

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2022
  • 1191

Қостанай облысында  балалар мен жүкті әйелдер арасында коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейген. Ресми ақпарат бойынша, соңғы он күнде 54 бала, 7 жүкті әйел  коронавирусқа шалдыққан. Ал жалпы жыл басынан бері аяғы ауыр 190 келіншек ковидпен ауырған.  Оның отызы ауруханада емделіп жатыр.  Сондай-ақ,  11 жеткіншек стационарға жеткізілсе, қалғаны амбулаториялық ем қабылдауда.  Аймақтағы санэпидбақылау департаменті облыста омикрон штаммы әлі зертханалық тұрғыда  анықталған жоқ дейді.

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Облыста  балалар мен жүкті әйелдер арасында коронавирус індетін жұқтырғандар көбейіп жатыр. Қазіргі таңда 224 балаға ковид жұқтырды деген диагноз қойылды. Оның он бірі ауруханада емделіп жатыр.190 жүкті әйелден коронавирус анықталды.

З. Санай