Русский Сайттың толық нұсқасы

98 адам қару ұрлығымен уақытша ұстау абақтысына қамалды, -ІІМ

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2022
  • 1014

Ел ішінде жүргізілген арнайы операция барысында қару ұрлағаны үшін 98 адам уақытша ұстау абақтысына қамалған. Сонымен қатар қаруды заңсыз ұстаған 61 адам анықталған. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Бұған қоса жаппай тәртіпсіздік кезінде 7 қару сату дүкенінен мың бес жүзден астам азаматтық қару қолды болғаны белгілі болды.

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Терроризмге қарсы операцияны жүргізу барысында ұрланған қарудың 515 бірлігі табылып, тәркіленді. Оның ішінде 75-автомат, 133-пистолет, 2-пулемет; 47-ойық, 103-тегіс ұңғылы қару, 100–ден астам граната, 9 мың данадан астам оқ-дәрі.


Бас прокуратура болса, қазір жедел тергеу топтарының өндірісінде 2 мыңнан аса қылмыстық іс бар екенін хабарлады. Құзырлылар қаңтардағы қайғылы оқиғаларды тергеу кезінде заңның сақталуы жіті қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Прокуратура органдарына тыйым салынған тергеу әдістеріне және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті. Билікті және лауазымдық өкілеттерді асыра пайдалану туралы 11 шағым бойынша прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ал қылмыстық қудалау органдары прокуратураның нұсқауымен 10 қылмыстық істі тіркеді.

Б. Сатуов