Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда синтетикалық есірткіні балалар алаңына тығып, сатқандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2022
  • 945

Қарағандыда наркодиллерлердің есіргені сонша есірткіні балалар алаңына жасырып, сатқан. Арнайы операция кезінде   18 бен 30 жас аралығындағы 5 жігіт ұсталды. Олар синтетикалық психотропты заттарды адамның ойына келмейтін орындарға тығып кетіп отырған.  

Есірткі тыққыштар осылайша тұрғын үйлер маңындағы құбыр, ойын алаңдары мен подъезд, аулаларды өздерінің сауда нүктелеріне айналдырып келіпті. Ұнтақ заттарды полиэтиленге орап жерге көмген соң орнын суретке түсіріп тұтынушы нашақорларға жіберіп отырған. Күдік туғызбау үшін сатып алушы есірткіні өзі тауып алады. Алаяқтардың сурет немесе жазба белгілер арқылы жасаған жарнамасы да болған. Күдіктілер әр түрлі жерге жасырған 90- нан астам орамды тауып берді. Оларға қатысты есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, қайта өңдеу және тасымалдау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қаскөйлер 10-нан 20 жылға дейін сотталады.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ұсталған күдіктілердің қылмыстық әрекеті олардан тәркіленген ұялы телефондардағы есірткі заттарын жасыру орындарының суреттері және сатып алушылармен жазысқан хаттар арқылы дәлелденді. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК- нің 297 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып тиісті сараптамалар тағайындалды.


А. Қуаш