Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында полицей жол ережесін бұзып, салдарынан бір адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2022
  • 1284

Алматы облысында полицей жол ережесін бұзып, салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады. Оқиға Алматы - Талғар тасжолында болған. Тәртіп сақшысы жүргізген Toyota Prado   Honda Stream көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.  Сол жерде 20 жастағы жолаушы алған жарақатынан қайтыс болды. Ал   Toyota Prado жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.  Жол талғамайтын көлікті   полиция қызметкері жүргізгені анықталды.   

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, 24 қаңтарда облыстық полиция департаментінің тәртіптік комиссия шешімімен ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіргені үшін қызметінен босатылды. Шын мәнінде, оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.


Б. Сатуов