Русский Сайттың толық нұсқасы

"Елімізде ахуал толығымен тұрақталды" ,- Тоқаев

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2022
  • 1280

Елімізде ахуал толық тұрақталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының төрағалығымен  өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында айтылды. Жиында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және нығайту шаралары қарастырылды.  Сондай-ақ, Президент барлық мемлекеттік органдар өткен оқиғадан сабақ алуы тиіс екенін, алдағы уақытта бірқатар нақты шараларды кешіктірмей уақытында жасауды тапсырды. Қауіпсіздікке жауап беретін барлық құрылымның өз жұмыстарын өзгертуі керек екенін атап өтті. Бұл ретте, олардың өзара іс-қимылдары барынша теңгерімді болуға тиіс деді Президент.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Бұдан былай қылмыстық топтар мен террористер қалаларымызды басып алып, азаматтар мен олардың отбасыларының бейбіт өміріне қол сұғып, мемлекеттілігімізге қауіп төндірмеуі үшін шаралар қабылдауға міндеттіміз. Ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру ісінің мақсаты да осы.

Ә. Дүкембаева