Русский Сайттың толық нұсқасы

"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында 4 мыңнан астам қылмыс тіркелді

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2022
  • 1888

Елімізде "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында  4 мыңнан астам қылмыс тіркелген.  Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бағланбек Айтпаев мәлімдеді. Оның айтуынша құқық бұзушылықтың 300-ден астамы қоғамдық орында, 80-нен астамы көшеде жасалған. Ал, тәртіп бұзушылықтың ең көбі - Шығыс Қазақстанда болған. Онан кейінгі орында  Қарағанды мен Алматы облысы тұр. Тәртіп сақшылары тіркелген қылмыстық істердің 3 мыңға жуығын із суытпай ашқан.

Бағланбек АЙТПАЕВ, ҚР ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:


19 қаңтарда Ақтөбеде полиция қызметкерлері «Qazaq Oil» жанармай құю бекетіне түнде медициналық бетперде киіп кіріп, жанармай бекетінің операторы мен кассирін кассадағы пышақпен және балғамен қорқытқан бұрын сотталған екі азаматты ұстады. Олар 100 мың теңгеден астам және ұялы телефонды ұрлаған.

Б. Сатуов