Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысындағы елдімекендер көгілдір отынды үш жылдан бері күтіп отыр

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2022
  • 1971

Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданында 5 бірдей ауыл халқы, көгілдір отынды үш жылдан бері күтіп отыр. Ақшасы төленіп, құбыры тартылып, үй-үйге газ пештері орнатылғалып қойған. "Әне-міне" дегеннен шаршаған тұрғындар, ауылдың айналасындағы ағаштарды отап тастапты. Қалталарындағы қаржысын беріп, газға қарық боламыз деп қуанған қауымның үміті қашан ақталады? Жергілікті атқамінерлердің уәдесіне тойдық деген тұрғындардың уәжін тындап келген аймақтағы әріптесім Берік Жұмабай тақырыпты жалғастырады.

Жамбыл ауданы қаланың іргесінде тұрса да, бес ауылға үш жылдан бері газ берілмей отыр. Жиналғандардың айтуынша көгілдір отын тарту жұмыстары 2019 жыла басталған. Сол жылы құбыр тартылып, үйді-үйге арнайы пешті қалтасынан қаражат шығарып орнаттырып алыпты. Әрбір отбасы 140 - 200 мың теңгенің аралығында ақша шығардық дейді. Бірақ көгілдір отынның шапағатын көретін күнді күтуден шаршаған.    

БЛИЦ:

- Газ келгенде қуандық айналайын шын ғой. Қолымыз жеттіғой деп. Қуанышымыз осы болды ғой аяғы айқай болып бір-бірімізге жексұрын болып жүрміз.

- Біздің шамамыз мынау енді, көмір тасимыз. Келіндер бар ғой үйде, бірақ келіндер бір жаққа кеткенде біз жағамыз ғой көмірді. Шамамыз келмейді. Күл шығару керек.

- Көмір алмаған елдерде бар газ келеді деп. Не керек пешін бұзғанда адам бар газдың пешін орнатып. Мына жақта жидеміз бар. Бала -шағаның бәрі сандылып жүр жидеде. Әні анау тұрғой жиденің ағаштары. Соны аралайды күйе-күйе болып қолымен аралайды үлкен кісі де жас балада. Топ-тобымен отын жинайды мына заманда сондай болады ма?


Бұл бір ғана Еңбек ауылы жұртының жан айқайы. Бұдан бөлек Рахат, Шайдана, Тастөбе, Ащыбұлақ елді мекендерінде де жағдай дәл осындай. Телеарна тілшілері жүр дегенді естіген Рахат ауылының жұрты да біз тұрған жерге лезде жетті. Олардың айтуынша бұл ауылға газ 2011 жылы кіреді деп бұрынғы әкім есеп берген көрінеді. Міне содан бері әкімдердің есігін қағумен келеміз дейді.

Мария НАРБЕКОВА, РАХАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Даже біз мына Асаның әкіміне кіре алмаймыз. Өтірік айтады, жоқ әкім, жиналыста ақпараттары осылай. Уже Рахаттың адамдары барса таниды олар. Беске біледі мына келіншектердің бәрін. Біздің білуімізше бұл газ Рахатқа 2011 жыл беріліп қойған деп әкимат есеп беріп, ақпарат беріп қойған.

Ал аудан әкімінің орынбасары бұл бес ауылға көгілдір отын былтыр берілуі тиіс болған еді, бірақ осы уақытқа дейін газ қосылмай отырғаны қаржыға келіп тіреліп тұр деді.  Осы жобаға жоспарланған қаржы бес ауылдың газын қосуға жетпей қалған сияқты.     

Нұрлан НЕСІПБЕКОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұзақ мерзімді ол үлкен қаражатты қажет ететін республикалық бюджеттен, бұл 13 елдімекенге 4 жарым млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл ауданның болмаса облыстың бюджеті көтере алмайды ол қаржыны. Сол себептен бұл ұзақ мерзімді болған соң осылай созылды. Осы газды аяқтау үшін республикалық бюджеттен 2022 жылға 383 млн теңге осы жұмыстарды аяқтауға қаржы қаралып отыр.


Әкімнің орынбасары ашуға булыққан ауыл тұрғындарын сабырға шақырып, биыл газ толық беріледі деп тағы уәде берді. Тиісті қаржы қаралса, көгілдір отын көктемде қосылады деп сендірді.

Б. Жұмабайұлы