Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына барып, сібір жарасының жойылу жұмыстарын тексермек

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2016
  • 1742

Сібір жарасының таралмауын Үкімет басшысының өзі қадағаламақ. Бүгін Кәрім Мәсімов бас санитар Жандарбек Бекшинді қабылдап, соңғы ахуалмен танысты. Осы тұста бірқатар тапсырмалар да жүктелді.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Адамдардың қауіпсіздігін қадағалау керек, одан ары тарамас үшін. Осы тапсырманы бірінші жүктеймін. Жергілікті билікке де қатысты айтамын. Екінші - бізге кешенді дайындық керек. Мұндай жағдай елдің басқа аймақтарында қайталанбауы тиіс.

Премьер-министр әсіресе қауіпті инфекциямен Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылық министрлігі бірлесе күресуі керек екенін айтты. Ал келер аптада өзі Қарағанды облысына іссапармен барып, сібір жарасының жойылу жұмыстарын тексермек. Қазір індет шыққан Еркіндік ауылы 15 күнге карантинге жабылып, төтенше жағдай жарияланды. Ауруды жұқтырған адам саны 7-ге жетті. Тағы екі адам осы дерттен көз жұмған болатын.