Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отанның» партиялық бақылау комиссиясы жол сапасын тексерді

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2016
  • 2854

Қазақстанның батыс өңірі мен Ресей Федерациясын жалғайтын «Орал-Тасқала» бағытындағы тас жолдың құрылысы талапқа сай, берілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Жолдың сапасын тексерген «Нұр Отан» партиясының аймақтағы партиялық бақылау комиссиясы осындай ұйғарымға келді.

Бұл тас жол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатыр. Биыл аталған аймақтағы 136 шақырым автокөлік жолын жөндеу жоспарланған. Оған 6,5 млрд теңге бөлініпті. Мұның ішінде ең ауқымды жоба: «Орал-Тасқала» бағытындағы жолдың құрылысы. Ұзындығы 100 шақырым болатын тас жолды салуға барлығы 24 млрд теңге қарастырылған.

Әділ Нығметов, «Қазавтожол» ҰК АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары:

Биылғы жолға бөлінген қаражаты 5,6 млрд тг, 2015 жылы 3 млрд тг игерілді. Жұмыстар жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Біздің облыста мұндай жол бірінші рет салынуда. 1-участокта 27 шақырым салынып беріледі.

Бұған дейін 6 метр болған жолдың ені күрделі жөндеуден соң 9 метрге дейін кеңеймек. Асфальт қабаты  қалыңдайды, оның сапасын жақсарту үшін заманауи технология қолданылып жатыр. Мамандар  жолдың пайдалану мерзімі ұзаратынына сенімді. Айтуларынша, ол аптап ыстық пен үскірік аязға да төзімді болмақ. Бас мердігер жөнделер жолға бес жылға кепілдік беріп отыр, яғни әлдебір ақауы байқалса, компания 5 жыл бойы тегін қызмет көрсетуді  міндет етіп алған. Екі елді жалғайтын жолдың құрылысы 2018 жылы толық аяқталмақ.

Мирас Тұяқбаев, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының консультанты:

Орал-Тасқала жолын қайта құру жұмыстарында ешқандай заңбұзушылықтар болған жоқ.