Русский Сайттың толық нұсқасы

"Алматыдағы жаңа екі метро станциясы мамырда іске қосылады",-Е.Досаев

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2022
  • 991

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, мегаполистегі жаңа екі   метро станциясы мамыр айында іске қосылады. Ол күнделікті жолаушылар ағынын 30 мыңнан 86 мыңға дейін арттырмақ.  Ал  Әл-фараби  даңғылындағы құны 2 млрд теңгеге бағаланған жөндеу жұмыстары тоқтатылады.   Ол қаржы  сапасы сын көтермейтін жолдарды қалыпқа келтіруге және кейбір аудандарда жол төсеуге жұмсалмақ.  

Ерболат ДОСАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 
Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ-дан Саин көшесіне дейін жөндеуге бөлінген қаржыны сапасы сын көтермейтін жолдарды жөндеуге немесе кейбір аудандарда жол салуға бөлу туралы шешім шығардым. Резервтерді іздеу бойынша жұмыс жалғасады.  

"Алматылық рухты жаңғыртып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күйді қайтаруымыз керек" деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  мегаполистің жаңа әкіміне халықпен өте тығыз байланыста жұмыс істеуі керек екенін айтты.   Наурыз айының басында  Алматыға іс сапармен баруды жоспарлап отырғанын жеткізді.  Сапар барысында қаладағы нақты мәселелерді басты назарға алып, талқыламақ.   

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Алдыңызда өте үлкен және күрделі міндеттер тұр. Алматы біздің ерекше қаламыз. Сондықтан әлеуметтік мәселелерді шешуге зор мән беруіміз керек. Жалпы, нағыз алматылық рухты жаңғыртып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күйін қайтаруымыз керек.


Д. Жарқынбек