Русский Сайттың толық нұсқасы

Балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді жалаңаштап, салқын бөлмеге қамап қойған

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2022
  • 1567

Тағы да балабақшадан шу шықты. Павлодарда балабақша тәрбиешісі екі жасқа толмаған бүлдіршінді жалаңаштап, салқын бөлмеге қамап қойған. Оны баланың  ата-анасы бейнебақылау камерасынан көріп қалыпты.  Қатыгездік тәрбиеші жазалансын дейді олар.  Балабақшалардағы былық қашан аяқталады?  Министрлік уәде еткен тексерістер қалай жүріп жатыр? Толығырақ Әсел Дүкембаеваның материалында.

Павлодарлық ана баласының жарты сағаттан астам баласы суық бөлмеде қамалып отырғанын айтып әлеуметтік желіде дабыл қақты. Ол  бір жастан асқан сәбиінің  жалаңаш   жүрген  бейнежазбасын жариялады.  

Алина ОМАРОВА, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:

Қызымның 40 минут бойы киім шешетін бөлмеде өзі жалғыз отырғаны жүрегімді ауыртты. Бейнежазбада көргендеріңіздей,  қызымның үстінде киімі жоқ, жүгіріп жүр.  Тәрбиеші столдың үстінде тұрған киімді кигізбей, суық бөлмеге қамап қойған.  Қазір қызым, қараңғы жерден қорқады. Үйде барлық жерде жарықты қосып жүреді.

Алина Омарованың қызы бұл балабақшаға жарты жылдан астам уақыттан бері барады. Соңғы кезде бірнеше бала тамақтан ұшынды дейді. Айтуынша,  осы мәселені көтеруге барғанда біраз былықты байқаған.    

Елена ДАНКОВСКАЯ, БАЛАБАҚШАНЫҢ ДИРЕКТОР МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бүгінгі таңда, тәрбиеші аяғы ауыр болғандықтан қатаң сөгіс жариялай алмадық. Бірақ күні кеше ресми түрде тәрбиеші мен оның көмекшісі жұмыстан қуылды.

Бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін де еліміздегі балабақшаларда неше түрлі келеңсіздіктер болды. Осыған байланысты білім және ғылым министрлігі тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.  

Майра МЕЛДЕБЕКОВА, ҚР БҒМ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Былтырғы жылдан бастап мемлекеттік аттестация енгізілді қайтадан, білім беру ұйымдары бұлар балабақшалар, мектептер, колледждер болатын. Былтырғы жоспар бойынша, 78 балабақшаның 80 проценті аттестациядан өткен жоқ.


Ал жекеменшік балабақшалардың мәселесіне олар араласа алмайтындарын жеткізді. Онымен  заң органдары мен прокуратура айналысады.

Ә. Дүкембаева