Русский Сайттың толық нұсқасы

40-тан астам мұғалімнің есепшотынан ақша жымқырған алаяқ ұсталды

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2022
  • 1203

Түркістан облысында 40-тан астам мұғалімнің есеп шотынан ақша жымқырған алаяқ  құрықталды.  Ол  Шардара қаласындағы бірнеше мектептің  қазынасына қол салды деген күдік бар.  Мұғалімдердің жалақысына деп бөлінген 17 млн теңгені қолды қылған.   

Бақдәулет РЫСҚҰЛ, ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

 
Күдікті адам Алматы қаласында жүрген жерінен Шардара аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен ұсталып, Шардара аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлігі 2-ші тармағымен Шардара аудандық полиция бөлімінің өндірісінде тергелуде.

Полицияның дерегінше, жас жігіт бұрын қаржы саласында еңбек еткен. Өткен қыркүйекте жұмыссыз қалған ол ақша қажет болғасын «оңай жолмен» табыс табуға кірісіпті.   Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

А. Төребекқызы