Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 4 сағат ішінде 25 жол апаты болды

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2022
  • 944

Бүгін Алматыда төрт сағат ішінде 25 жол-көлік оқиғасы болды.  13 адам  жарақаттанып, медициналық көмекке жүгінді. Ең ірі жол апаты  Жароков көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында болған. Бір мезетте 13 автокөлік соқтығысып, салдарынан екі адам зардап шекті. Олар - «Тойота Прадо» көлігін басқарған 51 жастағы әйел мен «Лексус» маркалы көліктің жолаушысы 12 жасар бала.  Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Десек те, бұл оқиғаның барлығы көк тайғақтың себебінен, сонымен қатар жол қозғалысының арақашықтықты сақтамау салдарынан орын алып отыр.  


Т.Әлжанов