Келесі аптадан бастап барлық сыныптың оқушылары мектепке барады. Коронавирус инфекциясың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Мұнымен қоса, елге шетелдік азаматтардың еркін кіріп шығуы бойынша да шектеулер жеңілдетілді. Шетелден келгендердің барлығы вакцинациядан өтуіне қарамастан 72 сағат ішінде жарамды covid-19 теріс ПТР тесті туралы анықтаманы ұсынуы керек. Бес жасқа дейінгі балалардан ғана анықтама талап етілмейді. Ведоствоаралық комиссия төрағасының айтуынша, бұл шаралар экономикалық қызметті жандандыруға, отандық туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған.
Ә. Дүкембаева