Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жүкті келіншектің өліміне күдікті ретінде 7 дәрігердің ісі сотта қаралуда

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2022
  • 1745

Оралда жүкті келіншекті өлтіріп алған дәрігерлердің ісіне қатысты атышулы сот отырысы басталды. Төрт жыл бойы тергелген қылмыстық іс бойынша 7 дәрігер айыпталуда. Сот материалдарынан белгілі болғандай, 44 жастағы Бибінұр Неғметова жүкті кезінде жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған кесарь тілігін жасамақшы болады, бірақ ол  келіспеген көрінеді. Ақырында келіншек ота кезінде көз жұмған, құрсағындағы сәбиі де шетінеп кеткен. Кейін жүргізілген сараптама кезінде  дәрігерлердің «кесарь тілігін жасауға келісімін берді» деп марқұмның орнына өздері қол қойғаны анықталды. Жәбірленуші тарап қайғылы оқиғаға дәрігерлердің өзара араздығы себеп болды дейді. Осының кесірінен дұрыс диагноз қойылмай, тиісті ем-дом уақытылы жасалмаған. Марқұмның туыстары кінәлілер  қатаң жазалансын деп талап етіп отыр.

Ғалымжан САҒЫНҒАЛИ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Тікелей өлімге қатысы бары – Тілешов. Қалғаны за халатность, өздерінің қателіктерін жіберген. Баламды да, анасын да аман алып қалуға 100% беріп отыр сараптама екі қайтара беріп отыр. Анестезиологтың қателігі – өңешін тесіп, ауа жіберу керек екен. Любой доғдыр істей алады екен. Оған құралдары да болған.

Е. Карин