Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздық белсенді итінің өлексесін алып облыс әкімдігіне барды

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2022
  • 1580

Тараздық  белсенді Жанна Мамашева итінің өлексесін алып облыс әкімдігінің алдына барды. Ол қаңғыбас иттерді аулаған ит атқыштарды жазалауды сұрап, Сапарбаевтың шығуын талап еткен.

Бердібек Сапарбаев шықты. Жанна Мамашеваға басу айтып, сабырға шақырды. Итті аулаған өз қызметкерлеріне  «Сендер кінәлісіңдер!» деп шүйлікті.
 
Бердібек САПАРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сендер анау шаш ал десе, бас аласыңдар ғой осы. Сендерге ешкім айтқан жоқ қой. Бәрін атыңдар, қырыңдар деп. Сендер әуелі соның бәрін анықтауың керек  еді.

Осыған дейін талай тұрғын әкімдік алдына түрлі мәселесін айтып келгенде де шықпаған әкімнің бұл қылығын көпшілік түсіне алар емес.    Және өзі ғана келмей  бірнеше орынбасары мен қала басшысын да қасына алып алғанын  жұрт сынап жатыр.  Ал иттің иесі бұл жағдайды аяқсыз қалдырмайтынын айтады.

Жанна МАМАШЕВА, БЕЛСЕНДІ:

Бұл қылмыс негізінде!  Кеше ветеринария қызметкерлерінің істеген жауыздығы ол бос қалмайды! Мен қазір Алматыда тәуелсіз сараптамадан өткіземін иттің денесін. Және қандай у, нендей әсер берді  сосын сотқа жүгінемін.


Б. Жұмабайұлы