Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда көмір кезегінде 100-ден астам жүк көлігі кептеліп қалды

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2022
  • 1401

Қызылжарда  100-ден  астам жүк көлігі көмір кезегінде  кептеліп қалды. Аймақта қатты отын тапшы. Көмірді он күннен бері  күтіп  жүрген  жұрт  бүгін оның қоймаға түскенін естіп, жүгірген.

Өңірге жеткізілген 490 тонна көмір санаулы сағаттың ішінде таусылып қалды.  Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, тек Шұбаркөлге сұраныс жоғары, сондықтан дефицит болған.    Ал Қаражыра, Майқұба, Екібастұз  көмірі  қоймада толып тұр, дейді.

Бақыт ІЛИЯСОВ, СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Вагон тапшылығы жоқ. Ақпан айында Шұбаркөл көмірінің 100 вагоны келеді деп жоспарлап отырмыз. Есіл және Қызылжар ауданында темір жол бекеттері жоқ. Бәрі Петропавлдан келіп алады. Сондықтан кезек пайда болып жатыр. Қазір бір көлікке 5-ақ тоннадан ғана беріліп жатыр. Биылдан бастап Шұбаркөлдің тапсырысын ұлғайтамыз деп отырмыз.

А. Құрманкин