Русский Сайттың толық нұсқасы

Олимпиада 2022: Тау шыңғысынан қатысқан қазақстандық спортшы жарысты аяқтай алмады

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2022
  • 1031

Қытайда өтіп жатқан Қысқы олимпиада ойындарында бүгін Қазақстанның 5 атлеті спорттың 3 түрінен бақ сынады. Алғаш болып  тау шыңғысынан әйелдер арасында іріктеу кезеңі өтті. Ел намысын қорғаған Александра Троицкая слаломда мәреге жете алмай, жарысты аяқтады.  Ақ Олимпиадада тек қана ерлер сынға түсетін жалғыз спорт түрі – шаңғы қоссайысы. Бұл додада Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетті. Бірінші сында 79.5 метрге секіріп, қорытынды есепте 69.9 ұпай иеленді. Ал, екінші сайыста мәреге 41-нші болып жетті. Бұл спортшымыз да жүлдегерлер қатарына енген жоқ.

Бүгінгі күнді шорт-трекшілер қорытындылады. Ерлер арасында 1500 метрде Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша бақ сынады. Ширек финалда Денис Никиша ереже бұзып, жартылай финалға өте алмады. Топта екінші болып  келген Әділ Ғалиахметов келесі кезеңге жолдама алды. Ал, ақтық мәреге бір табан жақындаған сәтте, қарсыластарынан оза алмады.

Ал әйелдер арасында жарыс жолына шыққан Ольга Тихонова 1000 метрде бақ сынады. Өкінішке қарай, алғашқы кезеңнен әрі аса алмады. Мәрені төртінші болып кесті.

ХХIV Қысқы Олимпиаданың бүгінгі қорытындысы мынадай:  


Норвегия көш басында. Оларда 4 алтын, 2 күміс, 4 қола бар. Екінші орында -Германия.  Үздік үштікті Швеция түйіндейді.   

Бүгінгі ақпараттар осы.   Біз ел намысын қорғайтын спортшыларымызға  сәттілік тілейміз. Әділет, тізгін өзіңде.

Рақмет, Асылбек. Қымбатты, көрермен біз жаңалықтарымызды әрі қарай жалғастырамыз.  

А. Данияр