Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенатор жастарды әскерге ынталандыру қадамдарын атады

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2022
  • 1156

Жастардың әскери борышын өтеуге ынтасы жоқ. Осылай деген депутат Бекболат Орынбеков, Сенат отырысында ынталандыру қадамдарын ұсынды. Сенатордың айтуынша, былтыр 215 мыңнан аса бозбала әскери қызметке шақырылуы керек болған. Оның 30 мыңнан астамы ғана борышын өтеуге жіберіліпті. Ал 180 мыңы түрлі себептермен кейінге қалдырылған немесе әскерден босатылған. Яғни 85 пайызының әскерге баруға құлқы жоқ. Депутат өзінің Үкіметке жолдағана сауалында мұндай келеңсіздікті жою жолдарын атады.

Бекболат ОРЫНБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға оқуға қабылдау емтихандарын тапсыру кезінде қосымша балдар беруге, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде техникалық және инженерлік-құрылыс мамандықтары бойынша оқытуды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастыруға болады.


Д. Жарқынбек