Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 4 рет шатыры ұшып кеткен үйдің тұрғындары наразылық білдірді

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2022
  • 1740

Ұшты-ұшты, шатыр  ұшты. Атырау облысында  көпқабатты үйдің бір емес, төрт мәрте  шатыры ұшып кеткен.  Бұл жұрттың ашуын туғызды.  Тұрғындардың айтуынша,   төбеге жүргізілген жөндеу жұмыстары  сапасыз. Сондықтан осындай жағдай жиі қайталануда.  

Қыстың көзі қырауда шатырсыз қалған  үй сыз тартып, пәтерлердің қабырғалары суланып кеткен. Тұрғындар былтыр жазда әкімдікке барып, көмек сұрапты.  Алайда атқамінерлер 5 жыл бұрын шатырдың жөнделгенін айтып,  олардың шағымына құлақ аспаған көрінеді. Ал Гүлбану Бисенқызының айтуынша,  бір жолы шатыр электр бағанына құлаған, ал баған оның ұлының  көлігінің үстін басып қалған.  Бірақ оның шығынын ешкім  өтеген жоқ дейді.

Гүлбану БИСЕНҚЫЗЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Төртінші рет ұшып тұрған жағдай. Сапасыз салынады. Дұрыстап қадағаланбайды, Дұрыстап жасалмайды. Күн күркіреп, күн дауыл болған күні анау шатырдың тарсылынан  жүрегің ұшады.  Кешегіде жасап жатыр, шала-пұла жасап жатыр. Біздің айтқанымызды құлағына да іліп жатпаған секілді.
 
Аудан әкімдігіндегілер  шатырдың жиі ұшып кетуі сапасыз жөндеуден емес, үй желдің өтінде орналасқандықтан ,- дейді. Айтуларынша 2016 жылы төбенің бір бөлігі ғана  бүлінген, соған байланысты  жай жөндеу жүргізілген.  Ал биыл  күрделі де сапалы жұмыс істелгенін айтады.  Бірақ  бағана астында шаншылған автокөлік Арменияда тіркеуде тұрғандықтан, өтемақы төленбейтінін жеткізді.   

Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ, ИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Жалпы желдің өтінде тұрған үй. Сол себептен болу керек.  Бұрын ұшқанда жартылай ұшқан.  Қазір жобасы жасақталып жатыр.  ЧС арқылы қаржы бөлінеді. Қазір бірінші кезекте демонтаж жұмыстарын  жүргізіп,  тазалап жатыр.


Б. Надірқызы