Русский Сайттың толық нұсқасы

"Электр энергиясы тапшылығына майнерлер кінәлі",-Ақшолақов

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2022
  • 1539

Атом электр стансасын салу -энергия мәселесін шешудің тиімді жолы. Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деді.Оның сөзінше, еліміздің атом энергетикасын дамытуға әлеуеті жетеді.  Қазақстан  табиғи уран өндірісі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Өзге де изотопты байыту бойынша мүмкіндік мол. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, электр энергиясы тапшылығына майнерлер кінәлі. Ведомства оларды шақырған жоқ дейді. Қазақстанның оңтүстігіндегі энергия жетіспеушілігі қуаттылығы 3050 Мвт 7 генерациялау блогін салу арқылы шешілетінін айтты.  Ал, газ бағасын тұрақтандыру үшін  газ өңдейтін зауыт салынбақ.  

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Газды өңдеу, оның себебі,ертең тұтынушылардың көлемі өсетін болса, бізге қосымша газ керек болады. Газ зауыты салынатын болады.Келесі жылы оны іске қосуға жоспарлап отырмыз біздер. Қазіргі уақытта арнайы ережелер мен тәртіптердің жұмысын жүргізіп жатырмыз.


Л. Қуанышқызы