Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы мектеп жобалық құжаттарына сай емес

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2022
  • 1830

Қызылорда да былтыр ғана пайдалануға берілген мектеп, жобалық сметалық құжаттарында сай емес. Республикалық қоғамдық бірлестік өкілдері осылай деп дабыл қақты. Тіпті ойын алаңдарында балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген деп отыр. Соған қарамастан ғимарат мемлекет меншігіне өткен. Республикалық қазынаның 1 млрд теңге жуық қаражатына салынған мектеп құрылысын арнайы комиссия қалай қабылдап алған? Білім ошағына барып, жағдайды көзімен көріп келген әріптесім Мөлдір Тоқтасынқызы тақырыпты толықтырады.  

Мына білім ордасы былтыр ғана есігін айқара ашқан еді. Бірақ әлі күнге кемшіліктен көз ашпай отыр. Ғимараттың қабырғаларында жарықшақтар пайда бола бастаған. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп шығуына еш жағдай жасалмапты. Жеделсаты бар, бірақ іске қосылмаған. Осы тектес олқылықтарды жіпке тізген қоғамдық бірлестік жетекшісі, тіпті ойын алаңдарының сапасы жұмсалған қаржыға сай келмейді деп отыр.

Ләззат БАҚТЫБАЕВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» РҚБ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Әткеншек, футбол алаңының қоршауы барлығы көрсетілген. Кәсіби футбол воротасының гос номері көрсетілген. Бірақ біз бағдарлау барысында әшейін темірлерді дәнекерлеп қойғаны анықталды. Горкалардың барлығы ағаштан немесе экологиялық пластиктен жасалыну керек. Сіздер көргендей барлығы темірден жасалған. Және ол темірдің өзі дефармация болып жатыр.

Шамамен 1 млрд теңгеге жуық қаражатқа салынған мектеп, 600 балаға лайықталған. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы. Олар «қабылдап алған кезде барлығы талаптарға сай болған»  дегеннен жаңылар емес.

Қуаныш ӨТЕГЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Толық құжаттары мектептің директорына өткізілген. Қандай мәселе болып жатқаны әзірге белгісіз. Мектептің салынғанына 1 жыл 3 ай уақыт өтті. Неге осы уақытқа дейін бізге ешқандай хат түсірмей мұндай мәселе көтерілгені белгісіз. Барлығы нормативке сәйкес. Бұған біздің технадзор мен қадағалаушылардың қорытындырлары дәлел болады.


Қазіргі таңда құзырлы орындар аталмыш мектеп құрылысына қатысты тексерісті бастап кетті.

Мұрат ЕСЕНБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Арызда көрсетілген сұрақтардың шегінде мектептің ішінде қай жерде не, қалай істелгенін барлығын көріп шығамыз. Арнайы акт жасаймыз. Сосын тексеру нәтижесімен қорытындысын береміз.

Ел қазынасына салынған білім ордасын, арнайы құрылған комиссия мемлекет меншігіне қабылдап алған. Бірақ қалай қабылдағаны әзір белгісіз. Егер тексеріс кемшіліктерді растаса, қайта қалпына келтіру жұмыстарын мердігерге жүктейміз деп сендірді.  

М. Тоқтасынқызы