Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғамдық кеңес жұмысы мен «Жол картасының» жүзеге асу барысы талқыланды

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2022
  • 1407

Павлодарда өткен жылы кейбір нысандардың құрылысы   уақытылы басталмаған. Бұған жобалық сметалық құжаттың дұрыс жасалмауы және бюджет қаражатының дұрыс есептелмеуі себеп болған көрінеді. Осының салдарынан «Жол картасы» бағдарламасының жүзеге асуы  баяулаған. Осы және өзге де мәселелер «Nur Otan» партиясының Павлодар филиалында өткен фракция отырысында талқыланды.

Санира ЖҮСІПОВА, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Жас депутаттар корпусы мониторинг жүргізіп, «Торайғыров» университетінің 3 корпусы, Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледждің студенттік  жатақханасының құрылыс барысымен танысты.  Мониторинг барысында құрылыс сапасы мен мерзімді іске асыру бөлігінде бірқатар проблемалар шықты. Осы проблемалар кеңес мүшелерінің тікелей бақылауында.

Жиында көпті алаңдатқан Екібастұздағы көпбалалы отбасының жағдайы да айтылды. Өңірлік қоғамдық кеңес өкілдері мемлекеттік органдардың  жұмысын оңтайландыру керек дейді.

Марина СТРЕЛКОВСКАЯ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТӨРАЙЫМЫ:
 
Қиын жағдай тап болған отбасыларды ерте бастан анықтау қажет. Екібастұздағы жағдай бұл жұмыстардың жүргізілмегенін көрсетті. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарды оңтайландыруымыз керек.

Ө. Қуанар