Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда үш жасар баланы әжесі автобуста ұмытып кеткен

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2022
  • 1373

Қызылжарда  үш жасар баланы әжесі автобуста ұмытып кеткен.  Қоғамдық көлікке мінген кейуананың жағдайы нашарлаған көрінеді. Жүрегі қысылып, басы айналған соң келген аялдамадан түсіп қалған.  Жалғыз қалған бүлдіршінді көлік жүргізушісі соңғы аялдамада бір-ақ көреді. Ол қорқып қалған баланы бірден тәртіп сақшыларына тапсырыпты.

Жанбота ҚАЙЫРКЕНОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙІ:

Автобусқа кіргенде бала жылап отырды. Мен онымен әңгімелесіп, көңілін жұбатуға тырыстым. Кейін маған үйренгесін, дүкенге барып кәмпит алғандарын айтты. Анасы табылғанша оны полиция учаскесінде  ойнатып   отырдық.  Бала психикасы бұзылмауы үшін барымызды салдық.

Қызының жоғалғанын ата-анасы кейінірек білген. Жүрегі аузына тығылған анасы бүкіл шағын ауданды шарлап шыққан. Бір сағаттан кейін әрең тапқандарын айтады.

Майра САХИНА, ҚЫЗДЫҢ АТА-АНАСЫ:

Мектептен үлкен қызымды алып, үйге келгенде анам кіші қыздың жоғалғанын айтты. Ол кісінің жүрегі ауырады. Жағдайды егжей-тегжейлі түсіндіре алмады. Кейін аялдамаға жүгіріп, автобустарды аралай бастадым. Ал полицейлер звондап, қызымның учаскелік бөлімшеде отырғанын хабарлағанда жылап жібердім. Қазір бәрі   дін аман. Құқық қорғау органдарына алғысым шексіз.

А. Құрманкин