Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда синтетикалық есірткіні жасөспірімдер сата бастаған

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2022
  • 902

Қарағандыда синтетикалық есірткі саудасының өршігені сонша, психотроптық заттарды кәмелетке толмағандар да сататын болған. Арнайы операция кезінде 17 жастағы колледж студенті ұсталды. Ол өзінің 21 жастағы танысымен бірге есірткі жасырып жүріп қолға түсті.

Есірткі жасыратындардың өздері де «Скорость» деп аталатын психотропты затты қолданатындарын айтқан. Пайдаға кенелмек ниетпен арам саудаға араласыпты. Ұнтақ заттарды полиэтиленге орап көліктерінде сақтаған. Кейін жерге көмген соң орнын суретке түсіріп тұтынушы нашақорларға жіберіп отырған. Күдік туғызбау үшін сатып алушы есірткіні өзі тауып алады. Алаяқтардың сурет немесе жазба белгілер арқылы жасаған жарнамасы да бар. Полицейлер бір күнде осындай 4 топты құрықтады. Оларға қатысты есірткі заттарын өткізу, заңсыз дайындау, сақтау, қайта өңдеу және тасымалдау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Енді олар 10-нан 20 жылға дейін сотталуы мүмкін. Мұнымен қоса жарнамалаған үшін қосымша жаза қарастырылған.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ұсталған күдіктілердің қылмыстық әрекеті олардан тәркіленген ұялы телефондардағы есірткі заттарын жасыру орындарының суреттері және сатып алушылармен жазысқан хаттар арқылы дәлелденді. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК- нің 297 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып тиісті сараптамалар тағайындалды.


А. Қуаш