Русский Сайттың толық нұсқасы

Шенеуніктер қандай жағдайда мемлекеттік қызметтен үш жылға босатылады?

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2022
  • 990

«Пара бермесең, жұмысыңды шеше алмайсың». Қоғамда белең алған бұл жағымсыз тенденцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы да мойындап отыр. Марат Ахметжанов жемқорлардың қолын жүргізген жүйені түп тамырымен құртуды көздейді. Мәжіліске осы мақсатта кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын ұсынды. Ол бірінші оқылымда-ақ кейбір депутттардың сынына ұшырады. Парламентте оффлайн өткен жиынына қатысып қайтқан тілшіміз Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.

«Сыбайлас жемқорлықпен қатаң және аяусыз күресу керек». Президенттің тапсырмасына мықтап кіріскен Агенттік төрағасы жаңа заң жобасымен мәжілісмендерге таныстырды. Құжат - негізсіз байығандарды жауапкершілікке тартуды мақсат еткен. Марат Ахметжановтың айтуынша, парақорлықтың арқасында дүние жинап жатқандар жетерлік. Оны жасыру үшін біреудің атына тіркейтін жағдайлар да кездеседі, деді. Бірақ, дәлелдеу қиын іс. Сондықтан заң жобасы аясында азаматтардың шығындары заңды табысынан асып кетсе, шара қабылданбақ.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРЫС ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шенеуніктердің шығыстары мен табыстарының айырмашылығы 1000 АЕК-тен асып түссе фискалдың санкция қаралады. Яғни айырмашылық соммасының 90 пайызы әкімшілік айыппұл ретінде тәркіленді. Жылдық табыстан асып жатса және оның қайдан шыққанын түсіндіре алмаса мансаптық жаза қаралады.

Я болмаса мемлекеттік қызметтен үш жылға босатылады. Бұл жерде заңнамада көзделген 10 пайыздық жеке табыс салығы есепке алынбайды. Сондай-ақ салық декларациясын тапсырған қызметкерлердің кірісі мен шығысы салыстырылмақ. Бұқара үшін мұндай талаптар 3 жылдан соң еңгізу көзделіп отыр. Заң жобасының тағы бір оң тұсы – шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға ықпал етеді, деді агенттік төрағасы. Ол қалай? Бұл жай, мәжіліс депутаты Ерлан Саировты да қызықтырды.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сіздер осы шетелдегі қандай құзырлы органдармен қазір жұмыс істеп жатырсыздар? Үшінші және ең негізгісі осы заңсыз капиталды Қазақстанға қайтару процесі қанша уақытқа созылуы мүмкін? Нақты нәтижелерді біз қашан көре аламыз?

Агенттік төрағасы заңсыз, қылмыстық жолымен алынған ақшаға нақты дәлелдермен дәлелдесек, қайтаруға мүмкіндік бар, дейді. Бірақ, нақты мерзімін айта алмады. Бар білгеніміз 68 елмен келісім бар.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРЫС ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сол жерде табылған мүлкі болса қаражаты болса «сіздер оны дәлелдеп беріңіздер, қандай қылмас жасағанын»... Тергеудің мерзімі жоқ. Ол ақша табылғанша, ақша қайтарылғанша тергеу жүргізіледі.

Осы орайда шығыс мен кірісін жасыратындар басқа айлаға көшеме деген ой туындайды. Яғни, негізсіз байлығын басқа біреудің атына немесе отбасымен қағаз жүзінде ажырасуы.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Оны дәлелдеуге болады енді. Айналып келгенде қарны біреу, қазаны біреу, карточкасы біреу дегенді дәлелдеуге болады ғой. Қоғамдық пікір, журналистік зерттеу, қоғамдық пікір тудыру енді басқа жолы жоқ.

Ведомство басшысы жемқорлық фактілері туралы жариялауға, қоғамда белсенділік азайып жатқанына алаңдаулы. Соңғы кездері пара беру фактісі тым көбейген. Айта кетейік, заң жобасында парақорлықты ашып берген адамның құқығын қорғау қарастырылған. Жалпы алғанда осы құжат арқылы көлеңкелі бизнестен келген табыс заңсыз ақшаны әшкерелеуге негіз болмақ.

А. Данияр