Русский Сайттың толық нұсқасы

Терроризммен күреске 270 млрд теңге бөлінді, бірақ нәтиже бермеген – депутат

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2022
  • 1884

Деструктивті ағымдарды ұстанушылардың саны неге көбейіп жатыр? Сауалға сенатор Сұлтан Дүйсенбинов қызығушылық танытты.

Сұлтан ДҮЙСЕМБИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:


Деструктивті діни ағымдардың мақсаты бір. Халифатта өмір сүру. Мемлекеттің заңын, құрылымын, мәдениет, салт-дәстүрін мойындамау. ҰҚК антитеррористік орталық штабы бастығының бірінші орынбасары Сергей Швейкин елімізде деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың саны 20 мыңнан асатынын мәлімдеген болатын. Осы тұста бұлардың саны неге көбейіп жатыр деген сұрақ туындайды.

Депутаттың дерегінше діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен бес жылға 270 млрд теңге бөлінген. Бірақ бұл бағдарлама өз нәтижесін бермегенін кешегі қаңтар оқиғасы көрсетіп отыр дейді. Оған қоса халықтың 70 пайыздан астамы діни сауаттылығын арттыру үшін әлеуметтік желілерді қолданатынын қосты. Депутаттық сауалын Үкіметке жолдаған сенатор, діни ахуалды зерделеп, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет екенін  айтты. Сондай-ақ, республикалық зерттеу орталығын құруды ұсынды.

Б. Сатуов