Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда науқас балалар жылыжайда жұмыс істей бастады

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2022
  • 1891

Атырауда науқас балаларды тұрмысқа бейімдеу ісі қолға алынды. Психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған орталық мамандары, "ерекше" балаларды жылыжайда жұмыс істеуге үйретуде. Оған қоса, сол өздері жинаған өнімнен түрлі тағамдар әзірлеуге баулуда. Ересектер олардың еңбекке деген ерекше құлшынысына дән риза.

Орталық балалары өздеріне тиесілі жылыжайда былтыр желтоқсан айында егілген қиярды жинап жүр. Жүздерінде қуаныш басым.  Өйткені олар өздері тәрбиешілермен бірге тұқым сеуіп, ол піскенше күтіп баптаған еді. Мамандар мұндай еңбек балалардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, қол моторикасын дамытады,- дейді. Әрі қоғамға бейімдеуге көмектесетініне сенімді. Қазір мұнда 13 пен 18 жас аралығындағы 10 бала еңбек терапиясынан өтіп жатыр.    

Анар КАЮПОВА, №3 АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Осы жылыжайды барлық өзінің қажетті технологияларға сәйкестендіріп, осы жылыжайды аштық. Әлі де жылыжайды өсіреміз,  үлкейтеміз. Осы қиярды өсіріп болғаннан кейін бұрыш өнімін және қызанақ өсіруге мақсат қойып отырмыз. Балаларды еңбекке баулу мақсатында құс шаруашылығымен айналысқымыз келіп отыр.

Жиналған өнімді балалар әлеуметтік тұрмыстық жағдайға бейімдеу кабинетіне алып келді. Мұнда қиярды турап, салат жасап үйренеді. Артылған өнімді орталық қызметкерлеріне сатып, салатқа қажетті өзге азық-түлік алынатын көрінеді. Балалардың әр қимылы ересектердің бақылауында балады. Дегенмен мамандар балалардың еңбекке құлшынысын жоғары бағалауда.  

Сара ҚУАНЫСОВА, ПЕДАГОГ-ДЕФЕКТОЛОГ:
 
Балалардың қызығушылығы өте жақсы. Сол себепті неғұрлым іште отырғаннан гөрі балаларды ортаға қосу үшін өз еріктерімен жұмыс жасатып үйретіп жатырмыз. Болашақта жоспарымызда бар күн жылынады саяжайда немесе біздің бағымызда шыққан өнімдері алып, балалар өздері сатып, қолына ақшаны ұстатып ақшаны не үшін пайдаланады, ақша не үшін керек осының барлығын үйреткіміз келеді.


Арнаулы мекемеде қазір 78 бала ем қабылдайды. Оның жартысы күндізгі бөлімде. Орталық басшылығы болашақта демеуші тауып,  құс, қоян шаруашылығын қолға алуды да жоспарлап қоған.

Б. Надірқызы