Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордағы мектепте бала саны 3 есе асып кеткен

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2022
  • 2053

Елордадағы шағын ауданның 1200 орындық мектебінде бала саны 3 есеге артып кеткен. Үркерліктер мәселерін шеше алмай жүргелі 10 жыл болғанын айтып, дабыл қақты. Айтуларынша 30 мың халыққа бір ғана мектеп тарлық етіп отыр. Мәселе неге шешілмей келеді? Әріптесім жауаптылармен де хабарласып көрді. Әріптесім Динара Жарқынбек биыл жаңа мектеп салу жоспарланып жатқанын біліп келді. Бірақ бұл мәселені түбегейлі шеше ала ма? Келесі бейнематериалда, толығырақ.

Үркер шағын ауданында қазір 1200 оқушыға арналған бір ғана мектеп бар. Бірақ, тұрғындардың айтуынша онда 3500 бала білім алып жүр. Сыймағаны астанадағы өзге мектептерге барып оқиды. Бұл ата-ана үшін де, бала үшінде қиынға соғады дейді. Олар шағынауданда бос орынның көптігін алға тартып, мектеп салуды талап етті.

Айгүл БАЙТҰРСЫНОВА, ҮРКЕР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

1-ші сыныпты алатын болсақ, бізде 17- 1-ші сынып бар. Кішкентай балапандар ана рюгзактарымен есіктен кіріп-шығуының өзі қаншама қиындық тудырады. Кептеліс болады мектепке кіріп-шыққанша балалар. Сондықтан осы мектеп бізге қазір тура ауадай қажет. Өйткені балалардың саны өсіп жатыр. Өзіміздің Президент атағандай, бала жылы болғандықтан,  балалардың жағдайын жасауды талап етеміз.

Жергілікті әкімдік 10 жылдан бері мектеп, балабақша, оқушылар үйін тұрғызамыз деп уәде берумен келе жатқанын жеткізді. Бірақ әлі күнге бірде -бірі орындалмағанына ашулы.

Зүлфия ДОСЫМОВА, ҮРКЕР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Балабақша болады, мына жерде мектеп болады. Ар жағында спорт комплекс болады. Жылдар өтіп жатыр. 10 жылдан асып кетті. Балабақшадан басқа ештене көрмейміз.
 
Әкімшілік болса, 30 мың халқы бар ауыл үшін бір мектеп аздық ететінін мойындайды. Айтуларынша, Білім басқармасынан Үркер шағын ауданына мектеп салу туралы өтінім 2020 жылы ғана түскен. Оған дейін мұндай жоспар болмағанын айтты. Сондай-ақ, 900 орындық жаңа мектептің құрылысы жазда басталмақ. 1 жылдан кейін оқушылардың жаңа ордаға кіретінін шенділер сенімді.   

Амангелді САТТАРОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Бізге Білім басқармасынан аталмыш ауылда мектеп тұрғызу туралы өтінім 2020 жылы түсті. Қазіргі таңда барлық жоспары дайын. Нысанға арнайы ақша бөлінді. Бірақ нақты қанша қаражат жұмсалатынын белгісіз. Ол сараптама жұмысы біткенде белгілі болады. Ал сараптама 2 айдан соң шығады.


Дегенмен қала әкімдігі өкілі тек бір ғана мектеп  салуды ғана жоспарлап отыр. Бірақ ол мәселені шешпейтініні айдан анық. Құрылыс басқармасы  спорт кешені мен оқушылар сарайын тұрғызу мүлде жоспарда жоқ деді.

Д. Жарқынбек