Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар Маңғыстаудағы Қошқар ата көлін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2022
  • 2126

Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев бүгін Ақтаудағы "Қошқар ата" қалдық қоймасына барды. Депутаттар экологиялық кеңес мүшелерімен бірге радиоактивті қалдықтар қоймасын залалсыздандыруға қатысты мәселелерді талқылады. Мердігер мекеме басшысының айтуынша,  былтыр  1 млрд қаржы игерілген.  Ал биыл бөлінген 3 млрд теңгеге 800-900 гектар аймақты  өңдеу жоспарлануда. Депутаттар  өңірдегі мәселеге алаңдаулы екенін айтып, мұны назарға алатындарын  жеткізді.

Әділбек ҚОЗЫБАҚОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жұмыс дер кезінде, яғни 2021 жылы басталғанда,  қазір бұл аумақтың біраз бөлігі өңделіп болар еді. Енді жұмыстарды тездетеді деп сенеміз.    

Бұған дейін   депутат Еділ Жаңбыршин  қалдық қоймасын залалсыздандыру жұмыстарына қатысты  мәселені Мәжілістің жалпы отырысында  көтерген болатын. Депутаттың премьер-министрге жолдаған сауалынан  кейін аумақты қалпына келтіру жұмыстары қайта жанданған.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жыл ішінде 266 гектар ластанған аумақ қамтылды. Қалдықтардың айналасына 820 мың текше метрден астам топырақ төгілді. Мердігер мекеме басшылығының айтуынша, олар дер кезінде қаржы бөлінсе, бұдан да көп жұмысты орындауға дайын. Депутат Мұсабаевпен бірге биылғы жылға үш миллиард теңге бөлуге қол жеткіздік. Әр үш ай сайын жұмыс барысын бақылауды жоспарлап отырмын.


Ә. Дүкембаева