Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2016
  • 1672

Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңесінің отырысына қатысып жатқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Қытай  төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Оның ішінде сауда-экономикалық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы ауқымды сұрақтар да сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге, осы арқылы оның көлемін ұлғайтуға ниетті екендіктерін білдірді. Қос мемлекеттің көшбасшылары агроөнеркәсіптік саладағы ұзақ мерзімге арналған серіктестікті одан әрі нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Тәуелсіз 25 жылдың әр күн сайын, әр жыл сайын біз ҚХР-мен ынтымақтастықты күшейтіп, көршілес ел арасындағы достығымызды нығайтып келеміз. Біз осы бағытта жұмыстарды жандандыра береміз, өйткені бұл біздің таңдаған саясаттың басты бағыты. Біз көршіміз. Біз осы уақытта Қытай тарапынан үлкен демеудің барын сеземіз.

Ал бүгін Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы аяқталды. Кездесу барысында белгілі болғандай, ұйымның келесі саммиті 2017 жылы Астанада өтеді. Саммит қорытындысына сай ұйымға Үндістан мен Пәкістанды қабылдау бойынша маңызды құжаттарға қол қойылды. Мұнан бөлек, президенттер 2025 жылға дейін ұйымды дамыту стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-қимыл жоспарын бекітті. Әрі  ШЫҰ-на қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзге де құжаттар қаралды. Кездесудің негізгі қорытынды құжаты ұйымның 15 жылдығының мерейтойлық декларациясы болмақ. 

Берік ХАСЕНОВ