Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрылыс алаңындағы апат: қайтыс болған тұрғынның артында үш баласы қалды

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2022
  • 2124

Елордадағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды. Марқұм 52 жастағы кранды басқарушы. Оқиға сенбі күні болған. Әзірге, апаттың нақты себебі белгісіз. Белгісі қайтыс болған азаматтың осы салада 15 жылдық тәжірибесі бар. Өзбекстан азаматы,  артында үш баласы қалды. Құзырлы органдар: осы жағдайға байланысты комиссия құрылып, тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Қанат ҚЫЗДАРБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Он бес жұмыс күні бойынша осы тексерістер жүргізіледі. Қазір бірінші мәселе - сол кранның жағдайына сараптама жүргізіледі. Не болды? Қандай әсер болды? Бейне жазбаларды тексереміз, сосын қосымша ақпараттармен бөлісеміз.

Жыл соңына бейін 35 мекеме тексеріледі деген жоспар бар. Ал краны бар құрылыс нысандардың барлығында қосымша жұмыстар жүргізіледі, дейді. Полиция департаменті болса, құрылыс алаңындағы қайғылы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы бойынша іс қозғаған. Сондай-ақ қазір қажетті сараптамалар тағайындалды, деді.

А. Данияр